21.09.2026
Бүгін Көкшетау қаласының №20 мектеп-гимназиясында «Жас зерттеушілер» ғылыми қоғамының алғашқы отырысы өтті.
Отырыс барысында 2–11 сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдеріне «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыру мен өткізу талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Талқыланған негізгі мәселелер:
* конкурсқа қатысу талаптары мен кезеңдері;
* зерттеу жұмысының құрылымы мен рәсімделуі;
* бағалау критерийлері және академиялық адалдық қағидалары;
* ғылыми жетекшінің рөлі мен жауапкершілігі;
* жасанды интеллектіні ғылыми жұмыста дұрыс пайдалану талаптары.
Біздің мақсатымыз – әр мұғалімнің ғылыми жетекші ретіндегі жұмысын жүйелі ұйымдастыруға қолдау көрсету және оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту.
🔬 Зерттеу – тек конкурс емес, бұл оқушының сыни ойлауын, ізденісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын маңызды білім беру үдерісі.
Іс-шараға жауаптылар: Айткен Е.Қ., Теміржан Н